Алматы қаласы Білім басқармасы ШЖҚ “Оқушылар сарайы” ғимаратында «WorldSkills Almaty 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
«WorldSkills Almaty 2025» кәсіби аймақтық чемпионатында Алматы технология-экономикалық колледжінің студенті «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша Бекова Хава 2 орынды иеленді.
Чемпионатқа қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз! Сіздердің талпыныстарыңыз бен даму жолындағы ұмтылыстарыңыз жоғары бағаға лайық.