Алматыда өткен “Үздік қонақүй қызметкері” қалалық байқауы талантты мамандарды анықтады
Алматы қаласы әкімінің өңірлік жоспарына сәйкес 2025 жылғы 18 наурызда “Алматы технология – экономикалық колледжі” ЖШС базасында жұмысшы мамандықтар жылына арналған “Үздік қонақ үй қызметкері” қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қонақжайлылық саласындағы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және талантты жастарды қолдау болды.
Байқауға қонақ үй сервисімен байланысты мамандықтар бойынша білім алатын қала колледждерінің студенттері қатысты. Қатысушылар өздерінің кәсіби дағдылары мен білімдерін құзыретті қазылар алқасының алдында көрсетті, оның құрамына қаланың жетекші қонақ үйлері мен компанияларының өкілдері кірді. Іс - шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің жетекші сарапшысы Жанар Мырзабайқызы Ибрагимова қатысты.
Кезеңдердің нәтижелері бойынша байқау жеңімпаздары атанды:
* 1 орын: Нұғыманова Дана Нұрланқызы-“Алматы технология-экономикалық колледжі”ЖШС
* 2 орын: Хан Тимур Юрьевич-Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі
* 3 орын: Колесникова Софья Валентиновна - “Алматы сервис және технологиялар колледжі”
* 3 орын: Чернова Ульяна Андреевна - “Алматы технологиялық колледжі”