Новости и события

Мастер-класс "ОЮ-ӨРНЕК PARTY": Казахский орнамент в искусстве и культуре

«ОЮ-ӨРНЕК PARTY» атты шеберлік мастер-классы!
Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Осы орайда, АТЭК Тәрбие жұмысының «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» жоспарына сәйкес «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында білім алатын 1-2 курс студенттеріне арналған шара өтті. Аталған шараға ҚР Президентінің Алғыс хат иегері, «Қазақ ұлттык ою өрнегі, киелі кимешегін дәріптеуші, Б. Момышұлы атындағы төс белгісінің иегері, «Каусар» тігін шеберханасының директоры, АТЭК ата-аналар комитетінің мүшесі АСАНОВА КУЛЗИРА ЖУБАТКАНКЫЗЫ мен шеберлік мастер-классы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты: болашақ ұрпақтарымызды ұмыт болып бара жатқан өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, қолөнерді, оның ішінде ою-өрнекті қайта жаңғырту, халқымыздың асыл мұрасын, сәндік өнерді құрметтеуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру. Шара барысында студенттер ою – өрнектің түрлері, оюды бүктеу және қию әдістерін үйреніп, мол ақпарат алды.
-----------------------------------------------------------------------------------
Мастер-класс «ОЮ-ӨРНЕК PARTY».
Искусство орнамента - очень древний и сложный вид искусства, широко используемый в области ремесел казахского народа. Орнаменты и узоры используются как первый элемент во всех видах казахского декоративно-прикладного искусства. Казахский орнамент имеет многовековую историю, является постоянно используемым и развивающимся видом искусства, унаследованным от деда к ребенку, от поколения к поколению. В этой связи, в соответствии с планом воспитательной работы АТЭК «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» было организовано мероприятие для студентов 1-2 курсов, обучающихся по специальности «Швейное производство и моделирование одежды». На данном мероприяти принимала участие обладатель благодарственного письма Президента РК, нагрудного значка им. Б. Момышулы, директор швейного цеха «Каусар», член родительского комитета АТЭК Асанова К

Хотите знать больше?