Жаңалықтар

«World skills Almaty 2022» ашылу салтанаты.

Жұмысшы мамандықтарын танымал ету және WorldSkills Kazakhstan ұлттық қозғалысын қолдау.

Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастыруымен «Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде, жұмысшы мамандықтарды танымал ету және «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында, 2022 жылғы 11 мамырдан 20 мамырға дейін Алматы қаласы колледждерінің алаңдарында «WorldSkills Almaty – 2022» құзыреттіліктері бойынша аймақтық чемпионатты өткізу жоспарланған.

11 мамырда сағат 15:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аталған шараның салтанатты ашылу рәсімі өтті.Салтанатты шараның ортасынан табылған Алматы қаласы колледждерінің білімалушылары қатарында Алматы технологиялық-экономикалық колледжі ЖШС-ің білімалушылары да болды.

Бұл чемпионатқа Алматы технологиялық-экономикалық колледжі ЖШС-ің білімалушылары:

1.»Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Аспаз ісі»құзыреті

2.»Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша

 «Кондитерлік іс»құзыреті

3.»Нан пісіру» мамандығы бойынша «Нан пісіру»құзыреті

4.»Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша

«Инженерлік графика»құзыреттіліктерінен қатысып, өз шеберліктерін ортаға салады.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталатын жарыс жолында колледж білімалушыларына бағы мен бабы қатар келіп,сәттілік серік болуын тілейміз!

Comment here