Жаңалықтар

«Ұлы даланың жеті қыры»

2019 жылдың 26 қыркүйек күні Технология – экономикалық колледжінде  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын дәріптеу мақсатында  колледж жастарымен кездесу шарасы ұйымдастырылды.

Кездесу қонағы болып М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұржұма Елеспай болды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы.

Кездесу барысында қонағымыз ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайында әңгіме қозғады. Кездесу соңында колледж жастары өздерінің қызықтырған сұрақтарға жауап алды.