Жаңалықтар мен оқиғалар

Колледждерде оқуға арналған конкурс нәтижелерін жариялау күндері

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Негізгі орта білім беру базасында (9-сыныптан кейін) Алматы қаласының колледждеріне оқуға түсу кезінде барлық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурстың (саралаудың) нәтижелерін 20-21 тамызда
gz.bilimalmaty.kz порталынан білуге болады 

Ол үшін ата-аналардың бірінің ЭЦҚ кілті арқылы жүйеге кіріп, оқуға түсушінің (талапкердің) ЖСН енгізу қажет.

Қосымша білгіңіз келе ме?