Жаңалықтар мен оқиғалар

Болашақ мамандар демонстрациялық емтихандар барысында кәсіби құзыреттіліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді

«Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Тағам өндірісінің технологиясы», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша демонстрациялық емтихандар өтті.

Алматы технология-экономикалық колледжінің 4 курс студенттері WorldSkills талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.

Емтихан аясында білім алушылар өнімдерді дайындау, безендіру және ұсыну кезеңдерін толық орындап, технологиялық тәртіпті, санитарлық нормаларды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтады.

Әрбір жұмыс белгіленген критерийлер бойынша бағаланып, студенттердің практикалық дағдылары мен шығармашылық қабілеттері сараланды.

Демонстрациялық емтихан — болашақ мамандардың нақты өндірістік ортаға дайындығын айқындайтын маңызды кезең.

Студенттерімізге алдағы кәсіби жолында табыс тілейміз!

Қосымша білгіңіз келе ме?