20.02.2026 жылы «АТЭК» ЖШС-де қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған “Әр өлеңі бір әлем” атты қалалық мәнерлеп оқу және ән орындау байқауы өткізілді.
Іс-шара екі кезеңнен тұрды:
І кезең – мәнерлеп оқу, оған 80-ге жуық студент қатысты.
ІІ кезең – ән орындау, бұл кезеңде 50-ге жуық үміткер бақ сынады.
Жалпы Алматы қаласы бойынша 27 колледж қатысып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Аталған шара жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық әдеби мұраны насихаттауға бағытталды.
.jpg)