АТЭК колледжінің ең жарқын дәстүрлерінің бірі – «Мисс АТЭК-2025» байқауы жоғары деңгейде өтті!
Сұлулық, білім мен өнер тоғысқан бұл кеште 8 ару өз дарынын, сахнадағы шеберлігін және ішкі сұлулығын паш етті.
«MISS ATEC 2025»– Қойшығұл Нұрай
«I VICE MISS 2025»– Есенғали Аружан
«II VICE MISS 2025» – Анварходжа Ақнұр
Арнайы номинациялар иегерлері:
«Жарқын бейне» – Омельченко София
«Көрермен көзайымы» – Алмасқызы Аделя
«Сахна шебері» – Нұржұма Анель
«Өнерлі ару»– Азатқызы Томирис
«Көркем образ» – Сұлтанова Сабина
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: таныстыру, шығармашылық өнер, дефиле және зияткерлік сайыс.
Қатысушыларды бағалаған құрметті қазылар алқасы:
Максат Ақсақалов – киноактёр, Stretching-Almaty студиясының жетекшісі және байқаудың ресми демеушісі
Ескендір Құрмашов – JOO High School директорының орынбасары
Саттаров Дарын – филолог, саясаттанушы
Ғайниқызы Жансая – «Gaini Couture» сән үйінің негізін қалаушы
Спан Бақберген – Интердент медицина колледжінің Жастар ісі комитеті
Снадинова Бақытгүл Аманқосқызы – «АТЭК» ЖШС директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Іс-шараның әсем өтуіне үлес қосқан демеушілерімізге алғысымыз шексіз!
Сұлулық пен нәзіктікті қолдап, байқаудың сән-салтанатын арттырған:
@stretching_almaty – нәзік мүсін мен әсем қимылдың өнерге айналған ордасы. Бұл студия сұлулықты дене тәрбиесімен үндестіре отырып, әрбір арудың ішкі энергиясын ашуға көмектеседі.
@almatybuket – сезім мен сұлулықты гүл тілінде жеткізетін ерекше шеберхана. Байқау сахнасын гүлмен көмкеріп, кештің атмосферасын шынайы ертегіге айналдырды.
Осындай қолдаудың арқасында «Мисс АТЭК-2025»кеші жарқын, есте қаларлық әрі шынайы шабыт сыйлаған мерекеге айналды.