2021 жылы 27 сәуірде «АТЭК» ЖШС «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан» тақырыбында онлайн мерекелік іс шара өтті!!!
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нағайту, осы мақсатта білім алушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Мерекелік іс шара барысында Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Керимкулова А.Ж барша білім алушыларды 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтады. Келесі кезекте белсенді білім алушылар мерекеге дайындаған өлеңдерін, баяндамаларын слайд арқылы өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз! 1 мамыр мерекесі құтты болсын!
Comment here