2021 жылдың 1 сәуірінде «АТУ» Ақ ОЭК психологы С.Б. Өмірбекова «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының психологы А. Ш. Нұрғалиевамен бірлесіп өзін-өзі бағалауды арттыру үшін 1 курс білім алушыларымен ZOOM платформасы бойынша «Мен көшбасшымын»тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
📌 Семинар-тренингтің мақсаты: «Өзін-өзі бағалау» ұғымын және оның құрамдас аспектілерін ашу, өзін-өзі диагностикалау әдістерін игеру, өзін-өзі ашу, өзімен қарым-қатынас жасау, өзіне қатысты тәуелсіз бақылаушы позициясын алу, өзін-өзі жағымды қабылдауды қалыптастыру.
🌐 Іс-шара барысында «Бақыт деңгейі», «өзін-өзі сүйу формуласы» жаттығулары орындалды, сондай-ақ білім алушылар талқылау процесіне белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Comment here