Колледждің табысты болуы бүкіл ұжымның, әрине, басшының үйлесімді жұмысының еңбегі екенін атап өткен жөн.
⠀
▪️2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін колледжді т.ғ.д., АТУ профессоры Увакасова Гүлшат Татымқожанқызы басқарады!
⠀
✅15 жыл жұмыс барысында колледж өзін техникалық және кәсіптік білім берудегі жетекші ұйымдардың бірі ретінде танытты!
⠀
✅ Колледжден 5 мыңнан астам түлек бітіріп, олар өздерінің кәсіби шеберлігімен, жұмысқа деген жауапты көзқарасымен колледждің мәртебесін асырды! Олардың арасында Республиканың жетекші шаруашылықтары мен кәсіпорындарының басшылары да бар.
⠀
🤝 Технология және экономика колледжіне біліктілігі жоғары орта білімді мамандар даярлауда одан әрі жемісті еңбек тілейміз!
⠀
🏢🧑🏻🎓👩🏻🎓 Сондай-ақ ТЭК түлектерін АТУ қабырғасында білімді жалғастыруға шақырамыз!
2020 жылы Технология-экономикалық колледжіне (ТЭК) – 15 жыл.

Comment here