Жаңалықтар

1-желтоқсан «Президент күні»

1-желтоқсан «Президент күніне» орай Алматы технология экономикалық колледж білімалушыларынан құралған «Жас жүрек»еріктілер тобы Алматы қаласы Жұлдыз ықшам ауданында орналасқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу орталығына барып қайтты.Жетім көрсең жебей жүр -дегенді үнемі жадында ұстайтын колледж әдіскері Ақерке Ерланқызы бастап барған өнерлі өрендер қамкөңіл өскіндердің алдында ән салып,би билеп,бір сәт болсын көңілдері көтерілген бүлдіршіндермен бірге түрлі ойындар ойнап, көпке дейін есте қалар кездесу ұйымдастырды.Жас жүрек еріктілер тобының мұндай игілікті істері әлі де өз жалғасын таба береді.

Comment here