Жыр мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Алматы технология – экономикалық колледжі» ЖШС білім алушылары арасында «Өзеніне асыққан бұлақтайын!» атты онлайн байқау жарияланады.
Байқаудың мақсаты:
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдыреті мен өлеңдерін, әндерін таныту. Поэзияны түсіну, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің болашақ тұлғаларын даярлау арқылы сапалы қаламгерлер мен оқырмандар қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. ҚР Білім және ғылым министрлігінің енгізген қашықтықтан оқыту жүйесінің талаптарын сақтай отырып, өскелең ұрпақты ана тілін, ұлтын, туған жері мен табиғатын аялауға, шығармашылыққа шақыру.
Байқаудың шарттары: Байқау 3 түрлі форматта өтеді:
1. «Өнерде жарыс болмайды» атты сурет салу байқауы. Дайындау кезеңі:
Білімалушылар ақын шығармашылығына қатысты сурет салу. (форматы А4, А3)
2.«Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты көркемсөз оқу.
М.Мақатаевтың шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу. Байқауға қатысушы ақынның бір өлеңін ғана таңдап, нақышына келтіре мәнерлеп оқиды, уақыты 3 минуттан аспауы шарт. (Бейнеролик түсіру)
3.«Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңіне жазылған әндер.
Ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау. Байқауға қатысушы ақынның өлеңіне жазылған бір әнді орындайды, уақыты 3 минуттан аспауы шарт. (Бейнеролик түсіру)
Дайын жұмыстарды koktobe78@gmail.com эл. почтасына жіберу керек. Орындау уақыты 11.02.2022 ж дейін.
МАРАПАТТАР: Байқау нәтижесі, сарапшылардың қорытындысымен анықталып тиісінше мақтау қағазымен марапатталады. Қатысушының жұмысын ұйымдастырған үздік жетекшіге АЛҒЫС ХАТ берiледi.
Comment here