Ұстаз еңбегінің нәтижелі болуы тек жекелеген пәнді терең меңгерту ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолдау, көмек беру тығыз байланысты.
Студенттерді психологиялық қолдаудың негізгі функциясы-баланың мінез-құлқының жағымды жақтарына сүйене отырып жұмыс жүргізу.
“АТЭК” студенттері мен қызметкерлері үшін колледжде психологиялық колдау көрсету қызметі жұмыс жасайды. Кез келген қиындықтармен, академиялық немесе жеке болсын, қолдау көрсетеді.
Біздің мақсатымыз студенттер мен қызметкерлердің консультациялық қызмет ала алатын қауіпсіз және қолайлы ортаны қамтамасыз ету арқылы психологиялық денсаулықты жақсартуға көмектесу.
Сонымен қатар колледж психолог-оқытушысы Қасенбай Айзада психология алаңында білімдерін кеңейту үшін семинарлар мен тренингтер өткізуге бағыталған жұмыс жүргізеді.
Comment here