Жаңалықтар

Қош келдің, Әз Наурыз!

Қош келдің, Әз Наурыз!
АТУ-нің ауласы күмбірлеген күйге, әуеленген әсем әнге толып, наурыз мерекесі тойланды. Әр факультет ұсынған қазақ халқының ұлттық тағамдары мен әртүрлі нақыштағы заттары қойылған көрмеде Алматы технология-экономикалық колледжі де өз бұйымдарын ұсынып көрменің көркін келтірді.
​Халқымыздың өзіндік салт-дәстүрлерін дәріптеген өнер байқауында Алматы технология-экономикалық колледжі оқытушылары мен білімалушылары өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етіп, «Беташар» салтын көрсетті. Әуезді ән, мың бұралған би көрермен көңілінен шыға білді.
​Сонымен қатар «Студенттер үйінің» алдында түрлі спорттық жарыстардың да көрігі қызды. Кір тасын көтеру, арқан тартыс, т.б. секілді сындарда Алматы технология-экономикалық колледж оқытушылары жүлделі орындардан көріне білді.
Келер Наурызға төрт көзіміз түгел жетейік деген тілекпен көңілдері көктем жұрт жадырай тарқасты.

Comment here