Жаңалықтар

Қашықтықтан оқу барысында 1- курс білім алушылардың әлеуметтік бейімделуін бақылау мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды

«АТУ»  АҚ  Технология  –  экономикалық колледжінің оқытушы-психологі Өмірбекова С.Б. қашықтықтан оқу барысында 1-курс  19 топ білімалушыларының әлеуметтік бейімделуін бақылау  мақсатында бекітілген кестеге байланысты онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында білімалушылар оқытушы-психологпен ой бөлісіп, сұрақтармен алмасты.  Сонымен қатар білім алушылар оқытушы-психолог ұйымдастырған әр түрлі қызықты тренингтерге, ойындарға, саулнамаларға қатысты.  Тренингтердің негізгі мақсаты – білім алушылардың қашықтықтан оқу жүйесіне бейімделуін бақылау, сонымен қатар білімалушылардың бір-бірімен қашықтықтан тілдесуіндегі жеңілдікті қалыптастыру.  Білімалушылар қызығушылықпен тыңдап, тренингтерде белсенділік танытты. Тренинг уақытында болған әр тапсырма өз ерекшеліктерімен назарын аудартып,білім алушыларды белсенді болуға шақырды. Тренинг барысында білім алушылар өздерін таныстырып,ойларын ашық жеткізе білді.

Жүргізілге жұмыстардың нәтижесіне сүйене отырып, білімалушылардың бойында сенімдік, жігерлік қасиеттері одан әрі ұлғая түсті.

Comment here