Жаңалықтар

Ы.Алтынсаринның 180-жылдығына арналған білім алушылар арасындаға «Ұлы Даланың дара ұстазы» атты онлайн-конференция

Қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл. Ағартушының мерейтойына орай  2021 жылдың 18 қаңтарында «Алматы технология – экономикалық колледжі» 1 және 2 курс білім алушылары арасында «Ы.Алтынсарин 180 жыл – Ұлы даланың дара ұстазы» онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Іс шараның басты мақсаты Ы.Алтынсаринің тұлға ретінде жас ұрпаққа насихатталуы. Бұл конференцияда ЖББ пәндер циклнің оқытушысы Самықжанова Р.Б. 19 жасында Торғай жеріне келіп, 4 жыл бойына мектеп ашуға бар күш-жігерін жұмсаған Ыбырай атамыздың еңбегін сөз етті. ХМиКП-9-20-2 тобының білімалушысы  Жарылқасын Мадина «Ы.Алтынсариннің өмірбаяны»,  ХМиКП – 9-20-1 тобының білім алушысы  Қалдар Аяулым «Ы.Алтынсариннің еңбек жолмен және шығармашылығы» тақырыптарында баяндамалар жасады. Сонымен қатар ТОПП -9-20-1 тобының білімалушысы  Кадиркулова Меруерт  Ы.Алтынсаринның «Өзен», ШПиМО 9-20-1 тобының білімалушысы  Кадаржан Арайдың «Әй достарым» атты шығармаларымен бөлісті.

Біз, бүгінгі іс шарамызды  ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталдық. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар іс шарамыз арқылы білім алушыларымызды  әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата – анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамыз.

 

Comment here