19 қаңтар 2023 жылы “АТЭК” ЖШС сырттай оқу бөлімінің 3 курс студенттері колледждің 1-ші курс студенттеріне “Тағам дайындау технологиясы” пәнінен ыстық тағамдар дайындау, салат әзірлеу және безендіруі бойынша мастер-класс өткізді. Аталған шараны бөлім меңгерушісі Хасенова Шолпан және арнайы пән оқытушылары Сенгирбекова Лаура, Маныбекова Ұлар ұйымдастырып, студенттер арасындағы тәжірибе алмасуға өз үлестерін қосты.
Мастер-класс барысында заманауй тағам әзірлеу технологиялары мен лайф-хактар 1-ші курс студенттері назарына ұсынылды.
Comment here