Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізгі міндет

2020 жылдың 20 қазанда «АТУ» АҚ Технология – экономикалық колледжінде  Қазақстан Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлымен онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң негізімен таныстырып, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Кеңсенің міндеті ҚР оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу болғандықтан, колледж оқытушылары мен білімалушыларының осы індетке қарсы танымын қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Және де сыбайлас жемқорлықпен күресе отырып, бірінші кезекте жазалау емес, болдырмаудың жолдарын қарастыру үлкен жетістік екендігін жасырмады. «Сыбалас жемқорлыққа қарсы мәдениетті» қалыптастыру үшін бір ізділікте жұмыстардың атқарылуы қажеттігін айтты.

Іс-шарада ТЭК директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Снадинова Б.А. сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда колледжде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының құрылғанын жеткізіп, осы жоба аясында 2020-2021 оқу жылына жаңадан қабылданған 1 курс білімалушыларын  белсендік танытуға шақырып, өскелең ұрпақтың санасының ашықтығы мен жан-жақты ойлап, зерделеп өсуі үшін жасалынып жатқан осындай дүниелер алдағы уақытта да жүргізілетіндігін жеткізіді.

 

Comment here