9 – 17 қаңтар аралығында Алматы технологиялық университетінде АТУ және ТЭК ОҚ арасындағы «Жастар жылына» арналған VIIІ спартакиада өтті. Спорттық іс-шаралар шахмат, футбол, баскетбол, үстел теннисі, эстафета, дартс, арқан тарту және волейбол тәрізді спорт түрлерінде өтті.Қатысушылардың әрқайсысы жеңіске жету жолында өздерінің табандылығын, ептілігін және төзімділігін көрсетті. ТЭК оқытушыларынан жасақталған команда жан-жақты қабілеттерін көрсетіп, волейболдан, шағын-футболдан және эстафетадан бірінші орынды қанжығасына байлады, ал дартс пен үстел теннисі бойынша үшінші орындарды иеленді.Жарыс қорытындысы бойынша турнирдің «Күміс» жүлдесін ТЭК командасы иеленді. Спартакиада – қызметкерлердің спорттық шараға қатысуы арқылы жаңа семестр басында күш жинап, өзін жағымды энергиямен толықтыру үшін тамаша мүмкіндік. ТЭК – салауатты өмір салтын ұстанады, сондықтан салауатты өмір салтын насихаттауда үнемі белсенділік танытады, себебі қозғалыс – бұл өмір!

