Жаңалықтар

«Менің өмірімде жемқорлыққа жол жоқ»

2021 жылдың 26 қаңтарда колледжде оқытушылар мен 1 және 2 курс білім алушылары арасында «Менің өмірімде жемқорлыққа жол жоқ» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты білім алушылар арасында жемқорлыққа қарсылық туралы ұғым қалыптастыру.

Осы орайда «Құқық» пәнінің оқытушылары Жолдасбаева К.О. «Сыбайлас жемқорлықтың тарихи дамуы» және Нугманова Н.А. «Борьба с коррупций» тақырыптарында дәрістер оқып, білім алушыларға ситуациялық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар білім алушыларға оқу орнының «Жемқорлыққа қарсы стандарты» Ережесі туралы түсініктеме жұмыс жасалды.   Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екендігін,  қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын жеткізді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Comment here