Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту мақсатында «Алматы технология-экономикалық колледжінде» «Көктем аруы – 2022» байқауы өтті. Байқау бес кезеңнен тұрды. Жарыс бар жерде, жеңу бар жеңілу бар демекші әділқазылар алқасының шешімімен ШПиМО -9-21-1 тобының бірінші курс білімалушысы Рауажова Жайна жеңіс тұғырына көтеріліп, «Мисс АТЭК» атағына ие болды. Өз өнерін ортаға салған барлық аруларымыз тиесінше номинациялармен марапатталды. Білім, білік, сымбат, өнерлерімен ұмытылмас сәт сыйлаған қаракөздерімізге алғыс білдіреміз!
«Көктем аруы – 2022»

Comment here