Ақпан айында Алматы технологиялық университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Күн мен Ай» байқауы өтті. Аталған шығармашылық байқау 2011 жылдан бастап тек АТУ өткізіледі. Негізгі мақсат – білім алушылар мен оқытушыларды жақындастыру және рухани тәрбиені жетілдіру. Аталған шара білім алушылар мен оқытушылар арасында қарым-қатынасты нығайып, оқудан басқа да қызығушылықтарын оятады. Және бұл өз кезегінде дамыту мен оқыту мәселелерінде үлкен рөл атқарады.
«Күн мен Ай» – жүздеген білім алушылар мен оқытушыларды біріктіріп, тамаша демалыс сыйлайтын мегажоба.Байқауға қатысқан әрбір қонақ концерттен жақсы ләззат алып, демалып қайтқанына сенімдіміз.
Музыкалық байқаудың ұйымдастырушылары – жастар кеңесі, АТУ студенттік кәсіподақ комитеті. Қазылар алқасының мүшелері Алматы технологиялық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры К.С. Батолдин, университеттің көркемөнерпаздар жетекшілері, студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы және басқа да шақырылған қонақтар болды. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік ұжым» аталымы«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетіне берілді. Басқа аталым бойынша жүлдегерлер:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
«Халық әні»
1 орын – « Экономика и бизнес» факультеті
2 орын – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
3 орын – Технология-экономикалық колледжі
«Заманауи ән»
1 орын – Технология-экономикалық колледжі
2 орын – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
3 орын –«Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» факультеті
«Аспаптық жанр»
1 орын – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
2 орын – «Азық-түлік өндірісі» факультеті
3 орын – «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» факультеті
«Халық биі»
1 орын – «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» факультеті
2 орын – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
3 орын – «Азық-түлік өндірісі» факультеті
«Заманауи би»
1 орын – «Азық-түлік өндірісі» факультеті
2 орын – «Экономика және бизнес» факультеті
3 орын – «Жеңіл өнеркәсібі және дизайн» факультеті
«Театрландырылғын қойылым»
1 орын – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
2 орын – «Экономика және бизнес» факультеті
3 орын – «Жеңіл өнеркәсібі және дизайн» факультеті
Бұл жеңіс – оқытушылар мен білім алушылардың бірлескен еңбек нәтижелерінің жемісі. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға барлық бастамаларда жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз!