Жаңалықтар

«Күн мен Ай»

Алматы технологиялық университетінде «Жастар жылына» арналған және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жастардың бос уақытын тиімді өткізу және мәдени демалысты ұйымдастыру мақсатында жыл сайынғы дәстүр бойынша «Күн мен Ай» мегажобасы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – студент пен оқытушының арасындағы ынтымақтасты нығайта отырып, өзара рухани байланысын арттыру. Студенттер мен оқытушылар асыға күтіп, жарыса дайындалатын бұл шараның үздіктері 6 бағыт бойынша бағаланды. Атап айтсақ, халық әні, заманауи ән, аспаптық жанр, ұлттық би, заманауи би және театрландырылған көрініс.

«Күн мен Ай» мегажобасы – 2011 жылдан бері тек қана Алматы технологиялық университетінде ұйымдастырылып келеді. Бұл байқауға келген әрбір қонақ сазды сайыстан соң ой сергітіп, көңіл көтеріп, керемет әсермен қайтады. Жеңімпаздарды арнайы шақырылған қонақтардың ішіндегі әділқазылар анықтады. Атап айтсақ, «SHINE PRODUCTION» әншісі Жарқынай Ханайым, актриса, «Бақытсыздар бағы» киносында басты рөлді сомдаған Әйгерім Қалмұратова, жас актёр, «Бақытсыздар бағы» киносында Данияр рөлін сомдаған Еркебұлан Тоқтар, «Жігіт сұлтаны – 2018» байқауының жеңімпазы … , «Тұмар» би тобының жетекшісі Бану Дүйсебаева және «Alpha Academy» тіл курсының директоры Бақнұр Зиябеков болды. Сондай-ақ, байқауға басты демеуші болған – «Alpha Academy» тіл курсы жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Қорытынды бойынша ТЭК ұжымы келесі жүлделі орындарға ие болды: «Халық әні» 2-орын; «Аспаптық жанр» 2-орын; «Халық биі» 3-орын; «театр қойылымы» 1-орын;

Бұл жеңіс – студенттер мен оқытушылардың бірлескен еңбегінің триумфы. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға барлық бастамалар мен қойылған мақсаттарға жетуді тілейміз.