«АТЭК» ЖШС «АТУ»Ақ құқықтық мирасқоры болып табылады. «АТЭК» ЖШС білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментімен берілген 2020 жылғы 26 маусымдағы №KZ27LAA00018436 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде жүргізеді.
«АТЭК» ЖШС қызметінің негізгі қағидалары бұл жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты оқыту нәтижесіне, МЖМБС талаптарын іске асыруға, білім беру бағдарламаларының ашықтығы мен салыстырмалылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«АТЭК» ЖШС материалдық-техникалық базамен, заманауи техникалық оқыту құралдарымен, компьютерлік жабдықтармен жабдықталған. Қаланың басқа колледждері сияқты «АТЭК» ЖШС жоғары білікті орта буын мамандарын және жоғары біліктілік деңгейін дайындайтын оқу орындарының бірі болып табылады.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Басқа қаладан келген білім алушыларға жатақханадан орын беріледі.
Колледждің материалдық-техникалық инфрақұрылымы: Заманауи техникалық құралдармен жабдылталған оқу кабинеттерімен, оқу залы бар кітапханамен, компьютерлік сыныптармен, мамандандырылған мен зертханалар, оқу шеберханаларымен, лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен, медициналық пункт, акт залымен, асханамен, жабық спорт павильоны және спорттық ойындарға арналған жазғы алаң.