Жыл қорытындысы бойынша АТЭК оқытушылары марапатталды!
Жыл соңында қол жеткен табысты еңбекті саралау – «АТЭК» ЖШС-нің дәстүрге енген игі қасиетінің бірі. Осы дәстүрлі шара барысында колледж директоры Увакасова Г.Т. ұжымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттады.
Биылғы жыл ішінде табысты еңбектерімен топ жарған бір топ оқытушылар мен қызметкерлер «Аманат» партиясының, «Салалық кауымдастықтар мен кәсіби білім беретін ұйымдар одағының» грамоталарымен және де АТЭК ЖШС Бас директоры мен директордың грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар АТЭК ЖШС директоры Увакасова Г.Т. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан Грамота алды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
АТЭК ұжымының жетер жетістігі мол болсын!
Comment here