Жаңалықтар

«Жас жүрек» еріктілер тобы кезекті іс-шараға дайындық үстінде.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қайырымдылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны.Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Тіпті біз ойламаған жерден жақсылыққа, табысқа жетіп жатамыз. Ол – біздің жасалған жақсылықтарымыздан болуы әбден мүмкін.
Алматы технология-экономикалық колледж білімалушыларынан құралған «Жас жүрек» еріктілер тобы кезекті іс-шараға дайындық үстінде.

Comment here