Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы
Керимкулова Акерке Жабаевна
Жастар ісі жөніндегі комитет – бұл мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы «АТУ» АҚ ТЭК құрылымдық бөлімшесі, білімалушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес біріктіретін өзін-өзі басқару органы.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмыс жүйесі колледжде тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын бейнелейтін Қазақстан Республикасының «Жастар саясаты туралы» заңы, оқу жылына арналған Жастар ісі жөніндегі комитетінің бірыңғай жоспары және оқу жылына арналған тәрбие жұмысының бірыңғай жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Мақсаты:
- Білімалушының жеке тұлғасын қалыптастыру;
- Білімалушының ішкі потенциалын дамыту;
- Қоршаған ортаға байланысты игі ниеттілікте тəрбиелеу;
- Білімалушыларды студенттік өзін-өзі басқару жұмыстарына қатыстыру, колледждегі студенттік өмірге байланысты сұрақтарға бірлесіп шешім табу;
- Студенттік көшбасшы топтардың басқарушылық қабілетін дамыту;
- Еріктілер қозғалысын дамыту;
- Білімалушының өзіндік ынтасын қалыптастыру.
Міндеті:
- Жастар саясатын жүзеге асыру;
- Мемлекеттік бағдарламалардың (соның ішінде «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» жəне т.б.) жүзеге асу барысына білімалушы жастарының қатысуын қамтамасыз ету;
- Азаматтық ұстанымды қалыптастыру, саяси институттармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, жастардың саяси белсенділігн дамыту;
- Интеллектуалдық жəне шығармашылық əлеуетті дамыту, білімалушы жастардың өзін-өзі қалыптастыруына қол ұшын тигізу;
- «АТУ» АҚ ТЭК тің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
- «АТУ» АҚ ТЭК жастарының мəселелеріне қатысты сұрақтарға тəжірибелі жəне өзекті шешім табуда жоғарғы органдармен, жастар ұйымдарымен қатынас жасау.
Жастар ісі жөніндегі комитет құрамына:
– Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;
– оқу топтарының жетекшілері;
– жатақхана
– қызығушылық танытатын клубтардың жетекшілері;
– спорт секторы.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің отырыстарында «АТУ» АҚ ТЭК жастарына қатысты барлық мәселелерді қарастырады, жастар секторларынан есеп алынады.
№ | Аты-жөні | Тобы | Клуб жетекшісі | Байланыс телефоны | |||||
1 | Сулейменова Алтынай Ерболқызы | ХМиКП-18-1 | Болашақ би клубы | 87765128972 | |||||
2 | Жаудет Мадина Мұратқызы | ПМиМП-9-18-1 | Жастар дебат клубы | 87478181592 | |||||
3 | Жұлдызбаева Жансая Жантасқызы | ПМиМП-9-18-1 | Вокал клубы | 87479196903 | |||||
4 | Қуат Нәр | ИС-19-2 | Домбыра-дастан клубы | 87752807630 | |||||
5 | Аралбаева Ақмарал | ПМиМП-9-18-1 | Саналы ұрпақ | 87472632891 | |||||
6 | Сәбит Ұлжан | ПМиМП9-18-1 | КВН ТЭК құрамасы | 87716433942 | |||||
7 | Хасен Қарақат | ПМиМП-9-17-1 | Жас қалам журналистер клубы | 87058007039 | |||||
8 | Хамитов Бексұлтан | ППП(9)-19-1 | СТОП | 87077713743 | |||||