02.02.2022 жылы Алматы технолго-экономикалық колледж білімалушыларынан құралған «Ақжүрек» волонтерлық тобы Алматы облысы Құлжа тас жолының бойында және Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қойылған блокпосттарға барып қайтты.Барудағы мақсат,күн –түн демей Отан алдындағы борыштарын өтеп тұрған жауынгерлерге аз да болса қолдау білдіріп,шағын азық-түлік себеттерін ұсыну.Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде ең алғашқы қатардан көрінетін отан қорғаушылар екенін ескерсек олардың бойында қаншама жауапкершілік тұрғанын білеміз.Елім дейтін ер болмаса,ерім дейтін ел де болмайтыны ақиқат.Ел тыныштығын қорғаған ерлерге осындай қолдау көрсеткен «Ақжүректіктерге» және Колледж әдіскері Ақерке Ерланқызына алда да осындай игі істердің басынан көрініп, халық алғысына бөлене беріңіздер!,- демекпіз.
«Ақжүрек» волонтерлық тобы

Comment here