Жаңалықтар

«Ана тілі-жүрек үні»

Оқу жылының қыркүйек айында «ҚР Тілдер күні» мерекесі қарсаңында ТЭК-іеде «Ана тілі-жүрек үні» атты апталық болып өтті. Колледжіміздің дәстүрлі түрде үйымдастырылып келе жатқан іс-шараның мақсаты мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, білім алушылардың  өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, ҚР тұратын  ұлт өкілдерінің тілін  құрметтеу.

Аталған шара салтанатты түрде ашылып, орыс тілі пәнінің оқытушылары К.А. Смагулова мен А.Ш. Бакбергенованың ұйымдастыруымен колледж білім алушыларының концерттік номерімен жалғасын тапты. Сондай-ақ «Қазақ тілі-мемлекеттік тұғырлы тілі» атты қабырға газеттер  мен шығармалар сайысы ұйымдастырылды, « Халықтың даму тарихында тілдің рөлі» атты тақырыпта тарих пәнінің оқытушыларымен  1- 2 курс білім алушылары арасында дөңгелек үстел болып өтті.