Қараша айының 29-күні АТЭК кіші акт залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ- ЖЕЛТОҚСАН» атты іс-шара болып өтті. Шараны өткізудегі мақсат – білім алушыларды ел тәуелсіздігін құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеп, отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін ұлғайту.
Мерекелік іс-шараға қатысушылар қазақ халқының басынан кешкен тарихи кезеңдерді еске салып, ынтымағы жарасқан сан ұлтты қазақстанның бүгінгі бейнесін көрсетті. Шара барысында күмбірлете күй ойнаған “NOMAD” ансамблі, мың бұрала билеген “Айбат” би тобы және тамылжыта ән салған өнерлі жастар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Шараға арнайы шақырылған желтоқсан ардагерлері білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, желтоқсан оқиғасына қатысты түрлі мағлұматтармен бөлісті.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен білім беруді көздеген оқу орнында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
«АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ- ЖЕЛТОҚСАН»

Comment here