2020 жылдың 03 қазанда «АТУ» АҚ Технология-экономикалық колледжінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық педагогика университетінің Абайтанушысы, доценті, филологы Бекбосынов Марат Нұрғазыұлымен 1 және 2 курс білім алушыларымен онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында белгілі ғалым Абай мұрасын қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы ретінде негізге ала отырып, сөз қозғады. Сондай-ақ, ұлы ақынның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес екендігін етене жеткізді. Іс-шара барысында ОП(9)-19-1 тобынан Нағашыбай Алма, ОГХ(9)-20-1 тобынан Адильбай Аружан, ММ-201 тобының білімалушылары Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін айтып, Абайтанушы, филолог Бекбосынов Марат Нұрғазыұлымен мән мағыналарын талқылады.
Сондай-ақ білімалушылар Абай атамызға арналған өз жүрек жарды өлеңдерімен де бөлісті. Бекбосынов Марат Нұрғазыұлына білімалышылар мен оқытушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша мәнді де мағыналы кеш өз деңгейінде өтті.
Comment here